
Кез-келген қала тұрғыны үшін сауда және ойын-сауық орталықтары өмірдің бөлінбес бөлшегіне айналған, осыған байланысты адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау мәселесі өте маңызды.
Сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса көңіл бөлінеді, себебі, сауда-саттық нысандары – адамдар көп жиналатын нысандар болып табылады және өрт шыққан жағдайда адамдар зардап шегуі мүмкін.
Семей қ. ТЖБ қызметкерлері Кәсіпкерлер палатасының, Семей қ. Кәсіпкерлер бөлімінің өкілдеріне, сонымен қатар сауда нысандарының кәсіпкерлеріне сауда нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және балалардың терезеден құлау жағдайлары мәселелері бойынша ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Дөңгелек үстел» өткізді.
Адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ұйым басшыларының басты міндеттері болуы тиіс, оны орындау үшін өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау және өрттің шығуын болдырмау бойынша іс-шараларды мүлтіксіз орындау қажет.
Кіші кәсіпкерлікті, микрокәсіпкерлікті соның ішінде дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарғысымен Қазақстан Республикасында барып-қайтып тексеру жүргізуге және профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге мораторий жарияланды.
Заманауи профилактика жүргізу, сондай-ақ өрттің шығуын болдырмау бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз орындау сияқты мәселелер «Дөңгелек үстелде» талқыланды, Қазақстанда, сол сияқты көршілес елдердегі сауда нысандарында болған өрттер, өрт шыққан кездегі персоналдың іс-әрекеттері, бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері бойынша мысалдар келтірілді. Қосымша ақпарат ретінде Семей қ. ТЖБ ТЖААБ аға инженері И.Көпбаева шомылу маусымында суға түсу ережелерін және балалардың терезеден құлауының алдын алу ережелерін түсіндіріп шықты.
Уақытында жүргізілген алдын алу жұмысы – төтенше жағдайлардың туындауын және адам өлімін болдырмаудың кепілі.