Онлайн режіміндегі дөңгелек үстел

Онлайн режіміндегі дөңгелек үстел

19 мамырда онлайн режимінде Абай ауданының ТЖБ қызметкерлері 9 ауылдық округіндегі ауыл мектептерінің, білім бөлімінің, аудандық полицияның өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелде балалардың жаздағы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

ТЖ бөлімінің мамандары балалардың суға шомылу кезеңіне назар аударды және қауіпсіздік шараларын қабылдап, өрт қауіпті кезеңдегі ережелер туралы, сонымен қатар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау туралы айтты.

Сонымен қатар, әңгіме барысында қосылғандардың барлығына ТЖ  өзін-өзі ұстау ережелері еске салынды.

Абай ауданының ТЖБ