
2021 жылғы 18 мамырда сағат23.40-та Алтай қаласындағы Курчатов көшсінде екпіні 17 м/с қатты соққан желдің салдарынан Техникалық колледждің 4 қабатты ғимаратының 300шаршы метр шатыры ұшып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдарының комиссиясы жұмыс жүргізуде.
ШҚО ТЖД халыққа дауылдық ескерту туралы алдын ала жариялаған болатын.
«Казгидромет» РМК ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес
Шығыс Қазақстан облысында 20 мамырда күндіз 19, тәулік бойы жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 21 мамырда жауын-шашын жауады (жаңбыр соңы қарға ұласады).
19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 21 мамырда кей жерлерде тұман күтіледі. 19-21 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 19-20 мамырда екпіні 23-28 м/с.
Күндіз 20 мамырда ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Түнде 21 мамырда кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
Өскемен және Семей қалаларында: күндіз 19 мамырда найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Құтқарушылар азаматтарға аса мұқият болып, нашар бекітілген және ескі құрылғыларға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электржелілерге жақындамауға ұсынады.
Төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда 112 телефоны бойынша жедел қызметтерге хабарлаңыздар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі