Глубокое ауданы әкімінің төрағалығымен өткен кеңес

Глубокое ауданы әкімінің төрағалығымен өткен кеңес

2021 жылғы 17 мамырда Глубокое ауданы әкімінің төрағалығымен Глубокое аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник С. М.Акасовтың, Глубокое аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы А. Н. Оградовтың және білім беру мекемелерінің директорларының қатысуымен аудандағы барлық оқу орындарының террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңесте Глубокое ауданының ТЖБ бастығы А.Н. Оградов мектептердің өрт қауіпсіздігі туралы, өрт шыққан және террористік актілер жасалған кездегі іс-қимыл туралы сөз сөйледі.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Аудан әкімі полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар арасында дағдарыстық жағдайлар (террорлық шабуыл, шабуыл, басып алу, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар) туындаған кезде алдын алу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Глубокое ауданының ТЖБ