
17 мамырда 12сағат 26 минутта Риддер қаласы Самоквитова көшесінің бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің ауласында ақаулы Mercedes автобусы өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру топтары жедел түрде 25 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді. ШҚО ТЖД мамандары болған оқиғаны отқа ұқыпсыз қарау нұсқасын қарастырады.
Жыл басынан бері облыста 70-тен астам автокөлік өрті орын алды. ШҚО ТЖД құтқарушылары әрбір автокөлік иесі өз көлігінің өртенуіне жол бермеу үшін алдын алуға болытының ескертеді (өртеуді қоспағанда). Машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалап отыру керек және уақытында техникалық тексеруден өтуі керек. Егер сіз автоматты түрде іске қосу немесе дабыл сияқты машинаны техникалық «жаңартуды» жасағыңыз келсе, оны білікті мамандардан орнатыңыз және түпнұсқа құрылғыларды сатып алуға үнемдеу жасамаңыз.
ШҚО ТЖД мамандары автокөлікті гаражға қойсаңыз, онда оңай жанатын заттар: жиһаз, жанармай мен майдың үлкен қорлары сақтауға болмайтының еске салады. Қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңіздің машинаңызды өрттен ғана емес, сонымен қатар машинаны қалпына келтіруге қажет болуы мүмкін жүйкелер мен ақшаны да үнемдей аласыз.
Жанармай мен басқа сұйықтықтардың ағып кетуі өртке себеп болуы мүмкін. Май және антифриз тамшыларынан тіпті машиналар өртеніп кеткен жағдайлар бар. Буындарда ағу пайда болады, жанғыш қоспасы қыздырылған қозғалтқыш бөлшектеріне түседі, бензин булары кішкене ұшқыннан бастап жанады. Әрі қарай, бәрі жүргізушінің жеделдігіне және қолда сенімді өрт сөндіргіштің болуына байланысты.
Көлік өртенген жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.