ШҚО-да отты абайсыз пайдалану 72 шөптің өртенуіне әкелді

ШҚО-да отты абайсыз пайдалану 72 шөптің өртенуіне әкелді

Ағымдағы жылдың өрт қауіпі маусымы басталғаннан бері 72 өрт тіркелді және өрт салдарынан жойылған өрт ауданы 1657 га құрады.

     Соңғы өрттердің бірі 2021 жылы 16 мамырда Көкпекті ауданы, Миролюбовка ауылы аймағында болды, жергілікті атқарушы органдары мен ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімдерімен ауданы 10 га жететің өрт сөндірілді. Барлығы 1 техника мен жергілікті атқарушы органдарының 6 адамы және ШҚО ТЖД 1 өрт сөндіру машинасы мен  4 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт тұрғындардың отқа ұқыпсыз қарауынан шықты.

     ШҚО ТЖМ мамандарымен кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіледі және азаматтық қорғау офицерлерінен,  жергілікті полиция қызметінен, орман шаруашылығы мекемелерінен мен жергілікті атқарушы органдарынан 384 адамнан тұратын 69 мобильді топ құрылды. Мобильді топтар 236 рейдтік іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 223 заң бұзушылар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бастапқы кезеңдегі өрт шығуын қадағалау үшін ШҚО ТЖД құтқарушыларымен космомониторинг қолданылады. «Geosat» ЖШС жасалған келісім шарт жылу нүктелер бойынша мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Барлығы 183 жылу нүктелері тіркелді және ШҚО ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелерімен тез арада сөндірілді  және өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

      Бүгін өрт қаупінің 4-санаты Семей қаласында, Бородулиха, Үржар, Көкпекті және Күршім аудандарында байқалады. Бесқарағай ауданында 5 класс. Класс бұл ауа райына сәйкес ормандардағы өрт қаупінің көрсеткіші. Көрсеткіш жоғары болған кезде өрттің шығуына қатаң тыйым салынады.

      ШҚО ТЖД өрт қауіпті маусымда орман қоры аумағында:

1) от жағуға;

2) жанып тұрған сіріңке, темекі қалдықтары мен түтін шығаратын түтіктерден ыстық күлді лақтыруға;

3) аң аулау кезінде тез тұтанатын немесе ысып кететін материалдардан жастықшаларды пайдалануға;

4) жанар-жағармай сіңдірілген тазалағыш материалды арнайы қарастырылмаған жерлерде қалдыруға;

5) ішкі жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде жанармай бактарына жанармай құюға, қозғалтқыштың қуат жүйесі дұрыс жұмыс істемейтін автомобильдерді пайдалануға, сондай-ақ жанармай құйылған машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салады.

6) Шөп өсімдіктерді күйдіруге жол берілмейді.

Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.