
Глубокое кентіндегі Алтынсарин көшесі маңындағы жартастардың арасында қыстырылып қалған бала ол жерде жалғыз ойнап жүрген. 12 жасар бала өздігінен шыға алмағансоң өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрап айғай салды. Куәгерлер құтқарушыларды шақырды. 23-ӨСБ қызметкерлері құтқару арқанының көмегімен қыстырылып қалған адамды «қамаудан» алып шықты. Бала жарақат алған жоқ екен.
ШҚО ТЖД ата-аналарға мынаны ескертеді:
Ешбір жағдайда балаларды жалғыз қалдырмаңыз.Оларға көшеде және табиғатта болатын қауіп туралы түсіндіріңіз.
Су айдындарындағы, үйдегі, көшедегі балалардың мінез-құлқын бақылаңыз.
Өз мысалында көрсете отырып, балаларда қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті дағдыларын тәрбиелеңіз. Есіңізде болсын, сіздің балаларыңыздың өмірі тек өзіңізге байланысты!
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.