
7-қабаттағы үйдің кіреберісінде орналасқан қалқанның қысқа тұйықталуы қатты түтіндеуге себеп болды. Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар бірінші кезекте 9 тұрғын мен 1 баланы эвакуациялады. Оттегі маскаларының көмегімен үш азамат құтқарылып, қауіпті аймақтан шығарылды, олардың бірі бала болды. Түтін 7-ден 9-қабатқа дейін таралды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін, 1986 жылы туған тұрғындардың бірі кеудесін күйдіріп алған екен, белгілі болғандай, ол пәтерде электр қуаты сөніп қалған кезде қалқандағы автоматты қоспақ болған. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізді.
Барлығы ШҚО ТЖД жеке құрамынан 29 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД көптеген оқиғалардың себебі қысқа тұйықталу, электр сымдары мен кабельдердегі оқшаулаудың бұзылуы, шектес тыс кернеулер, оқшаулаудың тозуы және механикалық зақымданудан туындағанын еске салады.
Талдау көрсеткендей, электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрттің жиі кездесетін себептері: электр сымдары мен электр жабдықтарындағы қысқа тұйықталулар;
ұзақ уақытқа қосылған және қараусыз қалдырылған электр қабылдағыштарға тікелей жақын орналасқан жанғыш материалдардың тұтануы;
электр сымдары мен электр жабдықтарының ток жүктемелері;
түйіспелі қосылыстар орындарындағы үлкен өтпелі кедергілер;
Құрылыс конструкциялары мен технологиялық жабдықтарда кернеудің пайда болуы;
электр шамдары колбаларының жарылуы және қыздыру сымдарының қызған бөлшектерінің тез жанатын материалдарға түсуі және т. б.
Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі