Өскеменде үш батыр марапатталды

Өскеменде үш батыр марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Өскеменде төтенше жағдайға тап болған азаматтарды құтқарған ер адамдар марапатталды.
Эдуард Лискаускас - "SUNRISE" резиденциясының қызметкері және Талғат Дарубаев - "Жолбарыс-Күзет" күзет агенттігінің күзетшісі 2021 жылғы 06 мамырда Өскеменде Аблакетка айлағында құтқарушылармен бірге судан жағаға 3 ер адамды шығарды, олар резеңке қайықта аударылып, суға батып кетті. Екі батыл ер адамның жанқиярлығы мен көрсеткен ерлігі арқасында үш өмір құтқарылды.
Мектептегі АӘД оқытушысы Токушев Нұрбек те ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен атап өтілді. Өз өмірін қатерге тігіп, көршісін жанып жатқан үйден алып шықты. Өрт ағымдағы жылдың 10 мамырында облыс орталығындағы жеке тұрғын үйде орын алды.
"Азаматтардың іс-әрекеттері батырлық сипатқа ие болды және халықтың төтенше жағдайларда әрекет ете алатындығын, ең бастысы қиындыққа тап болғандарға көмек көрсете алатындығын көрсетті. Біздің жерлестеріміз жағдайды сауатты бағалап, адамдарды құтқарып қалды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов.