ҚР ІІМ зейнеткері Өскемендегі өрт кезінде ер адамды құтқарды

ҚР ІІМ зейнеткері Өскемендегі өрт кезінде ер адамды құтқарды

10 мамырда өрт сөндіру қызметіне Өскемен қаласындағы жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Дереу өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, өртті сөндіруге кірісті. Диван мен қабырға қаптамасы 7 ш. м. алаңда жанып кетті..

Өрт сөндірушілер келгенге дейін АӘД пәнінің оқытушысы, ІІМ зейнеткері – Токушев Нұрбек жанып жатқан үйден мас күйдегі 1950 ж.т. ер адамды алып шыққан. Ер адам шыға берісте болған екен. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушіні қарап шықты, оның өміріне қауіп төнген жоқ, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.

ШҚО ТЖД мынаны ескертеді:

Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады. Статистика көрсеткендей, барлық өрттердің 46% - ы өрт қауіпсіздігі ережелерін білмейтін немесе жауапсыз адамдардың кінәсінен туындайды.

 Ең бастысы, әркім өзін – өзі тәрбиелеуі керек, отпен байланысты кез-келген жағдайда ойланбайтын әрекетке бармауды сұрвйды, ол сіріңкені, темекіні, отты сөндіруден бастап  өндірісте отпен байланысты жұмыстарды орындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға дейін.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі