
Глубокое ауданындағы Быструха ауылында Заречная көшесінің тұрғын үй ауласында өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткенше шаруа құрылыстарының ағаш құрылымдары жанып жатқан. Сонымен қатар от 10 тонна шөпке тарап кеткен еді.
Құтқарушылардың жедел және үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында 100 шаршы метрдегі өрт мен жанып жатқан шөп сөндірілді, ең бастысы тұрғын үйге бір метр ғана қалған өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді.
Өрттің себебі –отпен абайсыз болу.
Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамнан 6 адам, ШҚО ТЖД 2 бірлік өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД өрт қауіпті маусымдаөрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, әсірісе ашықотты пайдалану кезінде сақ болуды сұрайды.
- алқаптардағы шөпті өртемеңіз;
-балалардың сіріңкемен ойнауына рұқсат бермеңіз;
- сөнбеген темекі мен сіріңкені тастамаңыз;
Күн түсетін жерлерге бөтелкен мен шыны сынықтарын қалдырмаңыз.
Жануды байқасаңыз дереу 101 немесе 112-ге қоңырау соғыңыз.