Құтқарушылар ЖКО кезінде көмек көрсетті

Құтқарушылар ЖКО кезінде көмек көрсетті

03 мамыр күні сағат 20: 34-те облыс орталығында Аблакетка ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. Малдыбаев көшесіндегі 2 "Мерседес" және "Фольксваген Гольф" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан ер адам-жүргізуші қысылып қалды. ШҚО ТЖД

Мамандандырылған жасағының құтқарушылары "Холматро" авариялық-құтқару құралының көмегімен "Фольксваген Гольф" маркалы автомобильдің металл конструкцияларын шешіп, зардап шеккен жүргізушіні шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

ШҚО ТЖД еске салады: төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі