175 тұлға өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

175 тұлға өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезең басталды. Бүгінгі таңда 682 Га алаңда құрғақ шөптің 31 жануы орын алды

Орман-дала өрттерінің туындауын болдырмау мақсатында ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері шөптің жануына жол бермеу бойынша халықпен рейдтер мен нұсқаулықтар жүргізеді. ТЖ және жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушыларды анықтау үшін патрульдеу үшін арнайы мобильді топтар құрылды. Облыста жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен ұсталатын 85 өрт сөндіру бекеті бар.

Әдетте, өрт адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарауынан, отты абайсыз пайдаланудан туындайды.

ШҚО ТЖД шөпті жағу және от жағу жауапкершілігі және одан әрі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаумен, фактілерді сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеу туралы еске салады.

Мәселен, 336 – бапқа сәйкес: «Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға-жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады». Сондай - ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабына сәйкес абайсызда жасалған, ірі залал келтірген бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру-жүз АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жазаланады.

Мобильді топтар жүргізген рейдтер нәтижесінде Шығыс Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін 175тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өртті болдырмау мақсатында келесі ережелерді сақтаңыз:

- үй маңындағы аумақтардан құрғақ шөптерді және тұрмыстық жанғыш қалдықтарды тазартыңыз;

- өз учаскелеріңізде от жағудан аулақ болыңыз;

- Электрмен дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігінің барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтаңыз;

- елдімекендер, кәсіпорындар мен ұйымдар аумағында құрғақ шөп пен жанғыш қоқысты жақпаңыз;

- темекі тұқылдары  арнайы қатаң бөлінген орындарға тасталғанына және мұқият сөндірілгеніне көз жеткізіңіз;

- балаларға сіріңкемен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Егер сіз жанып жатқан шөпті байқаған болсаңыз, бірінші кезекте 101, 112-қызметіне міндетті түрде хабарлаңыз және сөндіру бойынша шаралар қабылдауға тырысыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі