
Бүгін сағат 13.30 шамасында құтқарушыларға Ертіс өзені бойымен 60-қа жуық жастағы әйелдің ағып келе жатқаны туралы қоңырау түсті. Құрамында 10 адам және 3 қайық бар жедел құтқару жасағының құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына шықты. Құтқару құралдарымен жағалау сызығын қарап шыққан патрульдік полиция экипажы да жедел әрекет етті. Өскемен қаласы полиция басқармасының КҚЖБО бақылау камералары мен қадағалау және құтқарушылардың іздестіру жұмыстарының көмегімен әйелдің денесі табылды, қазіргі таңда жеке басын анықтау жүргізілуде.
ШҚО ТЖД и ШҚО ПД суға жақын жерде абай болуды ескертеді. Өміріңізге қауіп төндірмеңіз және қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.