Риддер қаласының саяжай қоғамында отты абайсыз қолдану өрттің шығуына себеп болды

Риддер қаласының саяжай қоғамында отты абайсыз қолдану өрттің шығуына себеп болды

       2021 жылғы 27 сәуірде түнгі сағат 02 шамасында Риддер қаласында "Громатуха" бау-бақша қоғамының аумағында төрт саяжай учаскесінде саяжай үйі, шаруашылық құрылысы өртенген. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жалпы ауданы 90 ш.м. өртті сөндірді, сондай-ақ құтқарушылар 1 га алаңда құрғақ шөптің жануын толығымен оқшаулады, өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 17 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Шөптің жануынан басталған отты абайсыз пайдалану өрттің шығуына себеп болды.

ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Ешбір жағдайда шөпке от қоймаңыз. Ашық отты пайдалануда аса сақ болыңыз, жанып жатқан алауларды қараусыз қалдырмаңыз, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от қоймаңыз.

Рұқсат етілмеген өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз.

 Өрт кезінде "101" және "112" нөмірлері бойынша хабарлаңыз.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі