
Өскеменде ШҚО ТЖД өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары қоқыс полигонындағы өртпен арпалысуда. От 26 сәуірде шамамен сағат 12-де басталып бүгінге дейін 800 шаршы метрге дейін жеткен. ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен жерглікті атқарушы органдардың арнайы техникасы тәулік бойы жұмыс істеуде, барлығы 30 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылған.
Төбе боп үйілген қоқыс пен жел жаңадан өрт ошақтарын тудырып, сөндіруді қиындатуда. Престеліп қалған қоқысты сөндру үшін өте көп мөлшерде су қажет. Өрттің алдын ала болжамды себебі – қасақана өрт қою немесе отпен абайсыз болу.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі