ТЖК кезекті отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық талқыланды

ТЖК кезекті отырысында өрт қауіпті кезеңге дайындық талқыланды

          Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның онлайн режимінде өткен отырысында жылыту кезеңінің қорытындылары және өрт қауіпті маусымға жоспарланған іс-шаралар талқыланды.

ШҚО ТЖД мамандарының деректері бойынша жылыту кезеңінде жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД мамандары халықпен кең ауқымды жұмыс жүргізді, 665 024 азаматқа пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіре отырып, 483 473 аулаларды аралап шықты. Пештерді және үйлердің ішкі жағдайын тексеру барысында азаматтық қорғау қызметкерлері пештерді, электр сымдарын, тұрмыстық электр аспаптарын, эвакуациялау жолдарын, өртке қарсы аралықтардың болмауына және т.б. байланысты 212 789 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 32 577 бұзушылық сол жерде жойылды. Жоғарыда аталған іс-шаралардың арқасында өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда жеке тұрғын үйлерде өрттердің төмендеуі -24 пайыз байқалады. Өрт салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 7 пайызға азайды, ал өрт кезінде 39 азамат қаза болды.
Азаматтардың улы газбен уланудан қаза болуы және жарақаттануы жылыту кезеңінің өткір проблемасы болып табылады. Көбінесе жазатайым оқиғалар түнгі уақытта немесе таңертең адамдар ұйықтап жатқанда болды. Улы газбен улану диагнозы қойылған 90 адам емдеу мекемелеріне келіп түседі, өйткені пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын уақытында жойған жоқ. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды. Жылыту кезеңінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, осы санаттағы азаматтар арасында екі рет профилактикалық тексеру жүргізді. Есепте пешпен жылытылатын 13 684 үй тұрды, онда көп балалы аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, жалғызбасты қарттар тұрады. Бұл үйлерде 3192 өрт хабарлағышы орнатылған, оның ішінде 3112 улы газ, 70 табиғи газ, 10 - түтіндік.

Шығыс Қазақстанда 2021 жылғы 12 сәуірден бастап өрт қауіпті кезең басталды, бүгінгі күні облыста отпен жойылған 23 жану тіркелген, ауданы 496 га құрады.

Жағдайға мониторинг жасау үшін  ШҚО ТЖ департаменті "Geosat" ЖШС-мен 2021 жылға ғарыштық мониторинг деректерін термоточкалар бойынша беру туралы шарт жасасты. Профилактикалық рейдтерді ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау, ЖПҚ, орман ұйымдары және ЖАО қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.  

Бүгінгі күні облыс бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде 85 өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді. Жалпы саны 2 670 адам болатын, 65 өрт бірлігімен және 305 бейімделген техникамен жарақтандырылған 251 ерікті өртке қарсы құралым, сондай-ақ 3000 бірліктен астам өртке қарсы құрал-саймандар мен жабдықтар: мотопомпалар, аспалы бүріккіштер, бастапқы құралдар) бар.

ШҚО ТЖ департаментінде 2211 адамнан тұратын жеке құрам, 452 бірлік техника, оның ішінде 224 негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобилі бар.
Соңғы 3 жылда жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылықтарының өртке қарсы техникамен және жабдықтармен жасақталуы тиістілік нормаларының 65 пайызына дейін жеткізілді. Сондай-ақ, орманды қорғауды "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бөлімшесі жүзеге асырады, оған 6 бірлік ұшу техникасы (Ми – 8-1 борт, Ан – 2-1 борт, Ми – 2-4 борт), 5 бақылаушы-ұшқыш және 40 өрт сөндіруші-десантшы жұмылдырылған.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі