Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы туралы

Сауда объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы туралы

2021 жылы 20 сәуірде Семей қаласы ТЖБ Мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің қызметкерлері сауда объектілерінде өрттің алдын алу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

         Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау профилактикалық жұмысын жүргізу кезінде қызметкерлер сауда объектілерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын түсіндірді.  

         Өрттің салдарынан адамдардың өмірі мен материалдық құндылықтарын сақтау мақсатында Семей қаласының ТЖБ қызметкерлері сауда нысандарын өрттен қорғауды қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша кешенді шаралар қабылдауды ұсынды. 

          Сонымен қатар, сауда объектілерінің басшыларына, ұйымдар республиканың заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірді.

 

          Семей қ. ТЖБ МӨББ бас маманы   Жарқын Тлебалдин