
2021 жылғы 21 сәуірде Семей қаласы ТЖ басқармасының Дағдарыс орталығында БАҚ, ЖПҚБ, "Семей Орманы" МОТР Семей филиалы өкілдерінің және Семей қаласы бойынша ЭББ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Баспасөз конференциясы барысында ЖАО ТЖ басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар кезеңде өткізілетін іс-шаралар талқыланды. Мысалы, қар шығару, су өткізу құбырлары мен арық жүйелерін тазарту.
БАҚ өкілдеріне тұрғын үй секторындағы өрттердің статистикасын келтіре отырып, 2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындылары және өрттердің санын және адамдардың улы газбен улану жағдайларын азайту үшін жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат жеткізілді.
Сонымен қатар, Семей қ. ТЖБ қызметкерлері тұрғын үйлер мен саяжай алқаптарының үй жанындағы учаскелерінде құрғақ шөпті, қоқысты және тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіре отырып, өрт қауіпті кезеңде алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жоспарланған жұмысты жария етті. Жоғарыда аталған ережелер сақталмаған жағдайда, тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы "өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік шараларды қолданылатын болады.
Балалармен байланысты жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Семей қ. ТЖ басқармасымен теледидар, радио, баспа басылымдары және әлеуметтік желілер арқылы терезелер ашық болған кезде балаларға қырағылық таныту туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Семей қ. ЖОББМ оқушыларына интерактивті және ашық сабақтар өткізіледі, онда үгіт-насихат материалдары таратылып, тұрмыстық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.
Көктем басталысымен кене энцефалитін жұқтыру ықтималдығы күн сайын артып келеді. Семей қаласы бойынша эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы осы аурудың белгілері, сақтық шаралары және энцефалиттік кене анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі туралы ақпарат берді.
Осы конференцияның қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ