Жемқорлық фактілерінің алдын алу туралы

Жемқорлық фактілерінің алдын алу туралы

Өскемен қаласының ТЖ басқармасында жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Осы бағыт шеңберінде "Nur Otan" қалалық партиясының өкілдері дөңгелек үстел өткізді, онда Өскемен қаласы ТЖ қызметінің қызметкерлерімен Әдеп кодексін түсіндіру және офицерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мәселелері қамтылды.

 "Nur Otan" партиясының Өскемен қалалық филиалының өкілдері мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жетілдіру, таланттарды басқару және мансаптық жоспарлау сияқты меритократия қағидатын мүлтіксіз сақтауға негізделген кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың заманауи технологиялары мен тетіктерін енгізу есебінен жүзеге асырылатынына ерекше назар аударды.

Жемісті әңгіме соңында дөңгелек үстел спикерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ дөңгелек үстелде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар мен олар үшін жауапкершілікті талқылады.

 

Өскемен қ. ТЖБ ақпараты