
Самар ауылының әкімшілігінің және Көкпекті ауданыының ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп Самар ауылының сауда нүктелерін аралап, қоқыс жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған нұсқаулықтар таратылды.Барлығы 12 дүкенге 500 аса дана нұсқаулық тұрғындар арасында тарату үшін берілді.Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен сатушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқаулықтар жүргізілді.
Ауа райының желді болғанына қарамастан Самар ауылының тұрғындары ғимараттар мен имараттарға дейін 50 метр кем қашықтықта қоқыс жағып өртегені анықталып, кінәлі болып табылған 6 ауыл тұрғындары ҚР ӘҚБК 336 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қоқыс жағу кезінде тұрғындар өрттің шығуына себепкер болуымен қатар өз жақындарын және көршілерін әртүрлі жану кезінде пайда болатын улы заттармен улайтыны белгілі.
Осыған байланысты аудан тұрғындарына жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу үшін құрылыстар мен ғимараттарға 50 метр жақын аумақта қалдықтарды өртеуге, құрғақ және желді күндері қоқыстарды және от жағуға тыйым салынатынын ескертеміз. Осы өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 336 бабына сәйкес 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтары орын алғанда азаматтық қорғау органдарына Самар ауылында 33022 және Көкпекті ауылында 21405 немесе 101 телефонына хабарлау керек.
Көкпекті ауданының ТЖБ