
Жыл сайын өрт сөндіру қызметінің ардагерлері өрт сөндірушілерді еске алады. 20 жыл бұрын Валерий Белоножко мен Рахымғали Икенов қызметтік міндеттерін атқару кезінде қазаға ұшырады.
Жыл сайын 17 сәуірде өрт сөндірушілердің батырлары жерленген жерде Семей қаласының ардагерлері мен өртке қарсы қызметтің қызметкерлері үнсіздік минутынан кейін Валерий Васильевич пен Рахымғали Тайтұлұлының зираттарына гүл шоқтарын қояды.
ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Семей қаласы жасағы бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мейірхан Тұраров қызметкерлердің алдында сөз сөйледі. Ол:
"Бүгін біз өрт апатының алдында тайсалмай өз өмірін қауіпке тіккен адамдарды еске аламыз. Өздерінің таңдаған мамандығына және борышына аяғына дейін адал болып, ерлік пен батылдық танытып, отқа қарсы шыққан олар мәңгі жадымызда қалады. Біз оларды есімізде сақтаймыз және оларды әрдайым мақтан тұтамыз!»
Біз отты тоқтату үшін өз өмірлерін қиған жолдастарымызды әрқашан еске аламыз. Олар өрт ісіне шынайы қызмет етудің үлгісі ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ