ШҚО ТЖД құтқарушылары көмек көрсету үшін тікұшақты іске қосты

ШҚО ТЖД құтқарушылары көмек көрсету үшін тікұшақты іске қосты

ШҚО ТЖД қызметкерлері 1962 жылы туған ер адамға көмек көрсету үшін құтқару операциясын жүргізді. 2021 жылғы 16 сәуірде ол шаңғымен Малоубинск су қоймасына қарай бет алып және Риддер қаласынан 70 шақырым жерде таулы жерде аяғын сындырып алған.​ Зардап шегушіге шұғыл көмек көрсету үшін МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, онда ШҚО ТЖД құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Өскеменнен ұшып шығып, жазатайым оқиға болған, жетуі қиын орынға келіп жетті. Ер адамға алғашқы көмек көрсетілді, оның аяғы таңылып және тікұшақпен Риддер қаласының ауруханасына дейін жеткізілді. ​ ​ ​

ШҚО ТЖД мынаны ескертеді: таулы жерлер дайын емес және жолды білмейтін азаматтарға қауіпті. Жорыққа бара жатып, өзіңізбен бірге алғашқы көмек көрсету қобдишасын алып жүріңіз, өз бағытыңыз туралы жақындарыңызға міндетті түрде хабарлаңыз, өзіңізбен бірге қуатталған ұялы телефоныңыз бар болсын.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет. ​

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі