ШҚО ТЖД құтқарушылары Тарбағатай ауданында суға батып кеткен балықшылардың бірінің денесін тауып алды

ШҚО ТЖД құтқарушылары Тарбағатай ауданында суға батып кеткен балықшылардың бірінің денесін тауып алды

2021 жылғы 16 сәуірде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеу жұмыстарын қайта бастау нәтижесінде Қара Ертіс өзеніндегі Кендірлік учаскесі маңында 1981 жылы туған суға батып кеткен балықшылардың бірінің денесін тапты. Іздеу қайықтың көмегімен жүргізілді, дене оқиға орнынан 30 шақырым жерде табылды. Естеріңізге сала кететін болсақ қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қарашасында болған және екі ер адам балық аулауға кетіп үйге оралмаған.  Құтқарушылар 26 күн ішінде 6-дан 9 метрге дейінгі тереңдікте 145 сүңгуірлік түсуді жүзеге асырды. Іздеу жұмыстарының жалпы ауданы 16,291 шаршы км-ден асты, бірақ іздеу нәтиже бермеді.

1990 жылы туған екінші балықшыны іздеу жұмыстары жалғасады.