Семей қаласының өрт сөндірушілері дүкендегі өртті сөндірді

Семей қаласының өрт сөндірушілері дүкендегі өртті сөндірді

Құтқарушылар 12:сағат 19 минутта Семей қаласындағы Қашағанов көшесіндегі дүкенде жалпы ауданы 500 ш. м. өртті толығымен жойды.

От таңғы сағат 10-да жанып, шатырдың ағаш құрылымдары, сондай-ақ  материалдық-тауар  құндылықтар өртенді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Адамдар өздері эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 60 адам, 12 автоцистерна  жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша өрттің себептері келесі нұсқаларда қарастырылады: пешті орнату және пайдалану кезінде және электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД сауда үйлері мен дүкендердің иелеріне өрт қауіпсіздігінің келесі талаптарын сақтауды еске салады:

* сауда кәсіпорындары ғимараттың басқа бөлмелерінен отқа төзімді құрылымдармен бөлінеді;

* егер, дүкенде тез тұтанатын  немесе жанғыш заттар болса, олар басқалардан отқа төтеп бере алатын бөлімдермен бөлінеді;

* қосалқы үй-жайларда табиғи желдетуге арналған ойықтар жабдықталуы тиіс;

* өртті сөндірудің автоматты жүйесінің және хабарлау құралдарының болуы міндетті;

* барлық техникалық құралдар жұмысқа жарамды күйде ұсталады және тұрақты түрде тексеруден өтеді;

* объектіде ӨҚЕ жауапты қызметкер болуы тиіс;

 

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі