
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ШҚО ТЖД Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабы "Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау" бойынша үш әкімшілік хаттама жасады.
Глубокое ауданында, Прогресс ауылында, Абай, Молодежная және Юбилейная көшелерінде үй иелері қоқысты өртеді (іс жүзінде үйден 10 метр), осылайша өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылды, атап айтқанда от жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үй иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Глубокое ауданының азаматтарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын сақтауды және елді мекендер аумағында ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта қоқыстарды жағуға, шөптерді өртеуге жол бермеуді сұраймыз.
Глубокое ауданының ТЖБ