
Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының Шығыс Қазақстан филиалының еріктілері ШҚО ТЖД құтқарушыларымен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар ауыл тұрғындары үшін төтенше жағдай кезіндегі тәртіп ережелері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Арнайы ұйымдастырылғансеминарда Веселовка кентінің тұрғындарына іс жүзінде қауіп-қатер картасын жасауды, су басу кезеңінде қауіпсіз орындарды анықтауды, сондай-ақ арнайы манекеннің көмегімен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын үйретті. Сондай-ақ, халық төтенше жағдайға әрекет ету жоспарын әзірлеу ережелерін игерді және ықтимал апат тәуекелдерін есептеді. ШҚО ТЖД құтқарушылары елдімекенге арнайы мотопомпаны алып келіп, су сору бойынша өз іс-әрекеттерін көрсетіп қана қоймай, арнайы жабдықтарды қолдануды үйретті. Оқытуды ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдар белсенді түрде қатысты.
Осындай шеберлік сағатымен Шығыс Қазақстанның 10-ға жуық ауылы қамтылатын болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі