
Семей қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері №9 ЖББОМ КММ бастауыш сынып оқушылары арасында " Өрт сөндірушілер балалардың көзқарасымен" атты тақырыпта суреттер байқауын өткізді. Балалардың өз қолдарымен салған барлық суреттері әртүрлі және ерекше болды, балалар өз суреттерінде альбом парақтарына қарындаштардың көмегімен өз көріністерін, өрт сөндірушілердің жұмысы туралы ойын жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді, барлық қатысушылар риза болды!
Мектеп әкімшілігі осындай қызықты байқауды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Семей қ.ТЖБ қызметкерлеріне алғысын білдірді.
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ.