Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі сабақтары

Балаларға арналған өрт қауіпсіздігі сабақтары

Балалардың қауіпсіздігі – өртке қарсы қызметтің және білім нысандары қызметкерлерінің басты мәселелерінің бірі.

         Семей қаласы ТЖБ МӨББ қызметкерлері жалпы білім беретін мектеп оқушылармен сабақтар өткізілді. Сабақтарда алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай дұрыс қолданылуы, жанудың алғашқы сәтінде қызметкерлердің іс-әрекеттері, өртке қарсы қызметті шұғыл түрде шақыру әдістері, балаларды қауіпсіз жерлерге көшіру жайлы мәселелер қарастырылды.

         Мектеп қабырғасында жүрген балалардың қауіпсіздігі көбінесе мектеп қызметкерлерінің ғана емесе, сондай-ақ оқушылардың да өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауымен тығыз байланысты.

         Семей қаласы ТЖБ МӨББ қызметкерлері білім нысандарында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтарды мектеп қызметкерлерімен де, оқшылармен де жүргізеді. 

         Үгіт-түсіндіру шаралары мектеп ішінде ғана емес, сонымен қатар, мектептен тыс жерлерде де өрттің шығуының алдын алуға, сонымен қатар, ересектер мен балалардың өртке қарсы іс-әрекеттерінің саналы түрде болуын үйретуге (мектепте, үйде, көшеде, және басқа да қоғамдық орындарда) бағытталған.

Семей қаласы ТЖБ МӨББ бас маманы 

Жанат Насымхан