
14 сәуір күні сағат 13.07-де Риддер қаласында Кутузов көшесінде өрт шықты. Оқиға орнына келген құтқарушылар екі қожайыны бар үйдің жалындап жатқанын анықтады. Үй тұрғындары өз бетінше эвакуацияланды. Жеке заттар, есік және терезе блоктары, тұрғын үй-жайдың едені мен төбесі жанып кетті. Жедел іс-қимылдардың, үйлесімділіктің және өзара іс-қимылдың арқасында өрт сөндірушілер 100 шаршы метр алаңда отты ауыздықтап, оның үйдің екінші жартысына таралуына жол бермеді.
Электр жабдықтарының апаттық режимі өртке себеп болды, өрт ошағы кіре берістен шыққан.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Ұшқындаған розеткалар мен ақаулы электр сымдарын уақтылы ауыстыру керек. Бір розеткаға бірден бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз.
Үйде алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек.
Өрт кезінде «101» және «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі