
2021 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09-дағы жағдай бойынша Бородулиха ауданы Новопокровка ауылындағы су деңгейі түсті. Қардың қарқынды еруіне байланысты үй маңындағы барлық су басқан аумақтардан қазіргі уақытта су кетіп, су басу қаупі алынып тасталды. Бұған дейін, 09 сәуірде 37 үйден 90 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланған болатын. Барлық эвакуацияланған адамдар туыстарына орналастырылған. Жұмыстарға барлығы ШҚО ТЖД-ның 37 құтқарушысы және 2 бірлік техника, 1 жүзу құралы және 4 мотопомпа, Семей қаласы № 68303 әскери бөлімінің 19 әскери қызметшісі және 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардың 30 қызметкері және 15 бірлік техника жұмылдырылды. 700 дана қап төселді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар ауылдағы жағдайға мониторингті жалғастыруда. Бүгін қорғаныс бөгеттерін салу жөніндегі іс-шаралары жалғастырылатын болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі