
Мамандар тікұшақтан ШҚО-дағы тасқын жағдайына мониторинг жасады
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралау жүргізілді. Жағдайды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, ШҚО ТЖД, "Қазселденқорғау" ШҚ филиалы және "Қазгидромет"РМК мамандары комиссиялық түрде бағалады. Аэровизуалды зерттеу "Өскемен-Глубокое ауданы-Алтай ауданы-Катонқарағай ауданы-Өскемен" бағыты бойынша жүргізілді. Ұшу барысында Бұқтырма, Красноярка, Глубочанка өзендерінің арналары қаралды. "Аэровизуалды зерттеулер тұрақты гидрологиялық жағдайды көрсетеді. Өзендердегі су деңгейі шектен төмен, мұз құбылыстарының әлсіреуі, судың мұзға шығуынсыз және елді мекендерді су басусыз өзендердің жиі су басуы және ашылуы байқалады", - деп хабарлады ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың плдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель. Облыс аумағында қар еруінің белсенді кезеңі басталды. Облыс аумағының қармен жабылған ауданы соңғы 2 аптада 97% - дан 55% - ға дейін азайды. Топырақтың жоғарғы қабатының еруі байқалады. Сонымен қатар,топырақтың бір метрден астам қатуы облыстың 6 ауданында: Күршім, Катонқарағай, Бесқарағай, Зайсан, Алтай ауданында, сондай-ақ Бородулиха ауданында сақталады. Облыстың жазық аумағындағы қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында 75 см (Алтай қ.) деңгейінде болады. Бұл ретте Өскемен, Семей, қ. Курчатов, Абай, Бесқарағай, Жарма, Күршім, Тарбағатай, кей жерлерде қар жауады. Облыс аумағында жоғары дайындық режимі жұмыс істейді, жедел штабтар құрылды. Іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарлары және су тасқынына қарсы іс-шаралардың облыстық жоспары іске асырылуда. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес сәуір айында ауаның орташа температурасы -2 °С-тан +10 °с-қа дейін күтіледі, бұл нормаға жуық. Бір айдағы жауын-шашын мөлшері облыс аумағының басым бөлігінде нормадан артық, облыстың батысында нормаға жуық болжанады. Су тасқыны болған жағдайда қалалар мен аудандардың әкімдіктері 109,6 мың дана қаптар, 15,5 мың тонна инертті материалдар, 532 тонна ЖЖМ дайындады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі