Күн тәртібінде – тұрғын үй секторындағы алдын алу шаралары бойынша рейдтер

Күн тәртібінде – тұрғын үй секторындағы алдын алу  шаралары бойынша рейдтер

Күн тәртібінде – тұрғын үй секторындағы алдын алу

шаралары бойынша рейдтер

Алдын-алу рейдтері Семей қаласы ТЖБ және «Семей қаласы ӨСжАҚЖ » ММ Жасағы қызметкерлерінің жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі, себебі, өртті сөндіргеннен, оны болдырмауды ойлау анағұрлым жеңіл екені рас.

Аталған рейдтік шаралар барысында ТЖБ қызметкерлері тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әңгімелесіп, әрқайсысына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен шұғыл қызметтердің телефон номерлері жазылған жаднамалар табыстайды.

Тұрмыстары жайсыз отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, олардың көпшілігінде спиртті сусындарға әуес жандар тұратыны белгілі, және мұндай отбасыларында өрттің шығу қаупі де жоғары болмақ.

Рейдтер барысында өрт қауіпсіздігі ережлерінің көптеген бұзушылықтары анықталады, мысалы: жөндеуден өтпеген пештерді пайдалану, пеш моржаларын уақтылы тазартпау, жарамсыз электр жүйелері, қолан жасалынған жылыту құралдарын пайдалану,  сонымен қатар көптеген отбасыларында сіріңкелер мен оттықтар көрінекі жерлерде жатады, ал ол, өз алдында жас балалар үшін ойыншық ретінде қолданылуы әбден мүмкін. Кейде, рейдтер барысында үйде жалғыз қалдырып кеткен балаларды кездестіру фактілері орын алып жатады.

Жалпы, ата-ананың міндеті – балаға сіріңкемен ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп айту, балаларды өрт шыға қалған жағдайдағы қарапайым іс-әрекеттерге үйрету.

Сонымен қатар, тұрғындарға өрттердің шығу себептері, және оларды болдырмау, өрт шыға қалған жағдайдағы іс-әрекеттер жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындарғы өрт қауіпсіздігі жайлы нұсқамалықтар жүргізіліп, өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жаднамалар табысталады. Сондай-ақ жаднамаларда шыққан өрттердің статистикасы және шығу себептері көрсетіледі. Осындай жұмыстар барысында балалардың ойынынан шығатын өрттерді болдырмауға бағытталған  шараларға ерекше көңіл бөлінеді.

Алдын алу рейдтерінің негізгі мақсаты – халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптары туралы білім деңгейін мейілінше жоғарлату,  жекелеген адамның өзінің және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Отқа абай болыңыздар !  

 

Семей қаласы АҚСҚҚАжБТ бас маманы  Саида Торайғырова