ҚР ТЖ Министрінің алғыс хатымен шығысқазақстандықтар марапатталды

ҚР ТЖ Министрінің алғыс хатымен шығысқазақстандықтар марапатталды

ҚР ТЖ Министрінің алғыс хатымен шығысқазақстандықтар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қысқы қатты аяз кезінде өз отандастарына көмек көрсеткен өңір тұрғындарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан облыстың бес тұрғынына Департамент бастығы Ерлан Нұрпейісов пен "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Талғат Құрманғалиев алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Виктор Бобровский, Дмитрий Волженин, Андрей Ливеринов, Марина Ливеринова және Александр Самойлов төмен ауа температурасында аймақта тұрғандарға нағыз қамқорлық көрсетті. Қаңтар айында 30 градустан асатын қатты суықта олар жолаушыларды аялдамалардан алып, үйлеріне қайтуға көмектесті, 2 күннің ішінде олар 200-ден астам тұрғынға көмектесе алды.
Көрсетілген қамқорлықтың, адамгершіліктің, азаматтық белсенділіктің және шұғыл жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге деген ықыластың арқасында жоғарыда аталған "Біздің заманымыздың батырлары" орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алды.