Семей қаласындағы өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

Семей қаласындағы өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

27 наурыз күні 19 сағат 18 минутта Семей қаласындағы Первый микрорайон көшесіндегі 5 қабатты үйлердің біріндегі 5 қабаттағы пәтерде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткен кезде жиһаз, жеке заттар жанып жатқан. Бірінші кезекте өрт сөндірушілер 1946 жылы туған үй иесін шығарды. Иіс тию белгісі бар әйел ауруханаға жатқызылды. Оның жұбайы 1938 жылы туған адамды өрт сөндірушілер түтін басқан үйден алып шықты. Құтқарушылар баспалдақ арқылы жедел түрде 60 адамды эвакуациялады, оның 20-сы бала. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. 19 сағат 43 минутта өрт толық сөндірілді. Өрт себебі шылым шегу кезінде отпен абайсыз болу болды.
ШҚО ТЖД  темекі шегу кезіндегі қауіпсіздікті сақтамау трагедиялар мен жазатайым оқиғаға себепкер болуда екенін ескертеді. Өрт кезінде дереу 201, 112-ге қоңырау соғыңыздар.