Газдың жарылуымен байланысты төтенше жағдайлардың профилактикасы ШҚО-дағы ТЖК кезекті отырысының негізгі тақырыбы болды

Газдың жарылуымен байланысты төтенше жағдайлардың профилактикасы ШҚО-дағы ТЖК кезекті отырысының негізгі тақырыбы болды

Онлайн режимінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың төрағалығымен төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы басты қарастырылған мәселе «Газдың жарылуымен байланысты төтенше жағдайлардың профилактикасы бойынша іс-шаралар қабылдау» және «2020 жылы азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі жұмысының қорытындысы және 2021 жылға негізгі жұмыс бағыттарын айқындау» тақырыптары болды.

Өз баяндамасында ШҚО бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Андрей Измайловтың айтуынша тұрмыстағы газдың жарылуының басты себебі газ бллондары мен құрылдығыларын пайдалану кезіндегі талаптарды бұзу, газ құбырларының жағдайы, тұрмыстық газ баллондарынының жағдайы мен жарамсыз газ баллондарын пайдалану болды. Аталмыш бұзушылықтардың алғышарттары  тұрмыста газды жауапсыз пайдалануға бақылау жасайтын бақылаушы органның құқық реттеуші құжаттарының болмауынан дейді.

         Отырыста  үй ішіндегі газ жабдықтарын пайдаланатын газжелілік ұйымдардың сақталуы мен техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті екендігі талқыланды. Көлікте пайдалануға болмайтын баллондарды стационарлы автомобиль газ толтыру станцияларында толтыру қаупі.

         Шара қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, газ және газбен қамту саласындағы заңнама талаптарын орындау үшін  тұрғын үй инспекциясын немесе ТҮКШ бөлімінен әкімшілік-аумақтық бірлік құрып және бөлім ережелеріне тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Құрылған газ техникалық инспекция мамандары қызметтің сласында әрі қарай қайта даярлаудан өтуі қажет. Олардың дайындығы бағдарламасында Өнерәсіптік қауіпсіздік дкомитеті департаментінің мамандары белсене шұғылданатын болады. Автогаз толтыру станцияларынан, жолдарда баллондарды сататын бортты машиналардан мұнай газын тұрмыстық баллондарды «адрессіз» сатуға тыйым салу қажет. Бұл үшін Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитет департаменті мен ШҚО ТЖД мамандарының қатысуымен ұдайы профилактикалық және кеңестік рейдтер өткізілетін болады.

         Онлайн кездесудің екінші тақырыбы 2020 жылы азаматтық қорғаныс қызметінің, азаматтық қорғау саласында мамандар мен халықты оқыту  қорытындысын жасау, басқару пункттерін дайындыққа келтіру, қорғаныш құрылымдарын түгендеу және жинақ және қабылдау эвакобекеттердің тізімін бекіту  болды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызмет