Өскеменнің өрт сөндірушілері 135 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады

Өскеменнің өрт сөндірушілері 135 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады

13 наурызда шамамен сағат 18-кезінде Базовая көшесіндегі монша өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен кезде моншаның ағаш құрылымдары, ішкі қаптары жанып жатқан. Көрші құрылыстарға өрттің таралу қаупі болды. Өрт сөндірушілердің үйлескен іс-қимылдарының арқасында өрт өрт ауыздықталды. Өрттің болжамды ауданы 135 ш.м. құрады. Өрттің себебі пешті салу және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды. Өртті сөндіруге 6 техника мен жеке құрамнан 25 адам жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД өртті болдырмас үшін  пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

  1. Мұржаның түтінді соратынына және онда ыстың болмауына назар аударыңыз;
  2. пештің мұржасын екі айда кемінде 1 рет ыстан тазалау қажет.
  3. Жанғыш материалдардан жасалған аралық жабындар мен шатырдың қиылысатын орындарындағы пеш немесе түтін мұржасы қалындау кірпіштен қалануы керек.
  4. Пешті өртке қарсы саңылаусыз пайдалануға тыйым салынады.
  5. Еденге көлемі 50-ден 70 см-ге дейін жанбайтын материалдан жасалған пештің алдына арналған қаңылтырды орнату қажет.
  6. Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыру, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыру өте қауіпті.
  7. Пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
  8. Пешті жаққан соң кем дешенде 2-ү сағаттан кейін ұйқыға кету керек.
  9. Ешқашан пешті ұзындығы бойынша пештің оттығына сыймайтын отынмен жағуға болмады. Бөренелердегі өрт жақын маңдағы заттарға, еденге және қабырғаға таралуы мүмкін.
  10. Пешпен жылытылатын үйлердің иелері түтін мұржаларын тиісті тартқыштың болуын тексеруге міндетті.
  11. Ысырманы жаппаңыз, бұл өте қауіпті.
  12. Мүмкіндігінше үйде улы газ датчигін анықтағышты орнату қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі