
Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылғы 13-15 наурыз аралығындағы екі тәулікте қар құрсауында қалған 164 адамға, оның ішінде 9 баланы құтқарып және 63 техниканы сүйреп шығарды. Адамдар Тарбағатай, Көкпекті, Күршім, Катонқарағай мен Алтай аудандарына апарар жолда қалған екен. Ол жолдар 13 наурызда қолайсыз ауа-райынан жабылған болатын.
«Біз азаматтарға дауылдық ескерту туралы алдын ала ескерткен болатынбыз, алайда көбісі елдімекеннен шығып кетіп, күн райының тұтқыны болды. Жүргізушілердің полиция бекетін айналып өтіп кетіп, жолда тұрып қалған фактілері де кездеседі. Ауа-райы күрт өзгеріп және жолда әп-сәтте үрлеп тастайтын учаскелері бар екенін есте ұстаңыздар, сондықтан да құтқарушылардан келіп түскен ақпаратқа немқұрайлы қарауға болмайды – деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы барлық облыстық және республикалық маңызы бар жолдар ашық.
ШҚО ТЖД құтқарушылары мынаны ұсынады:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі