Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстанда көшкін қаупі сақталуда

Наурыздың бірінші онкүндігінде Шығыс Қазақстан тауларында жауын-шашын көп болды, қардың өсуі 25-тен 60 см-ге дейін жетті, жауын-шашын 3 күн бойы тоқтаған жоқ, тіпті температураның өзгеруіне байланысты қар ылғалды және жабысқақ болды. Сондай-ақ, желдің екпіні салдарынан қар көшкіндері мен 1,5 м-ге дейін жел соққылары пайда болды. Қардың бұл күйінде көшкіндердің өздігінен түсу қауіпі де едәуір арта түсті. Осыған байланысты, "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері көшкін қаупі туралы ескерту жариялады. Түнде "Өскемен-Алтай", "Өскемен – Самар" және "Өскемен-Северное" бағытындағы автожолдар жабылды, онда көптеген көшкіннен қорғау орындары бар.

Сондай-ақ, осы автожолдардың бойындағы аса қауіпті учаскелерде қар қабатын түсіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық трассалардың 105 шақырымы көшкін қаупі жоғары кезеңде қар көшкінінің әсеріне ұшырайды.
Жарылыс жұмыстары қалың қар жауғаннан кейін осы аптада жүргізілді. Наурыз айының басынан бастап жалпы көлемі 534900 текше метр болатын 39 учаске тазартылды.

Соңғы екі күнде "Алтай-Путинцево" және "Өскемен-Тарғын-Самар" автожолдарының бойындағы беткейлер  алдын алу шараларымен қамтылып, 20100 текше метр қар түсipiлдi. Бүгінгі таңда "Өскемен-Самар" тас жолының 134 шақырымында жұмыстарды жалғастыру жоспарланған.
Демалыс күндері облыста жауын-шашын көп түсуi бойынша дауылды ескерту жарияланды. Аймақтың тауларында әлі де көшкін қаупі сақталуда. Облыс тұрғындарына мамандарға құлақ асу және тауға барудан бас тарту ұсынылды.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"телефонына қоңырау шалыңыз.
 
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі