Балық аулауға қандай мұз кезінде баруға болады?

Балық аулауға қандай мұз кезінде баруға болады?

Бесқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлерімен 35-ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп Долон ауылдық округінде Ертіс өзенінде қысқы кезеңде мұзда қауіпсіздік шараларын алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша үгіт-насихат өнімдерін таратумен және балықшылармен әңгімелер өткізумен рейдтер жүргізілді. Балық аулау кезінде мұз қалыңдығы бір жүргіншінің қозғалысы үшін – 10 – 12 см, топ үшін – 15 – 20 см, мұз айдынын жасау үшін – 25 см.

Қар, қоқыс үйінділері, қатты ағыс және бетіне су шыққан орындарды айналып өту керек. Көктемде және жылымақта мұздың жүк көтергіштігі екі есе кемиді.

         Түнде және жалғыз мұз бетіне шықпаңыз. Мұздың беріктігін таяқпен ұрып тексеріңіз. Қауіпті шақта сырғи адымдап, кері қайтыңыз.

         Мұз бетіне шыққан өсімдіктер, бастаулар, бұлақ құйылысы, кәсіпорын суларын ағызу, мұз дайындау, жарықшақ бар орындардан аулақ болыңыз.

         Егер, сіздің астыңыздағы мұз сатырласа, үрейленбеңіз, жатыңыз және кері қайтыңыз. Мұз бетінде көмек көрсетуде кез – келген қол асты құралдарды қолданыңыз.

         ТЖ туындаған кезде 112 – ге хабарласыңыз.  

 

Бесқарағай ауданының ТЖБ