
Азаматтық қорғаныстың негізгі қағидасының бірі халықты төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелеріне оқыту болып табылады, мұндай оқыту біздің облыста міндетті түрде жүргізіледі. Ол азаматтық қорғаныс оқу орталығында жүзеге асырылады. Жарық, жабдықталған сыныптар, қажетті оқу манекендері және көрнекі құралдар. Бірақ пандемия жағдайында оқу процесі онлайн режимде өткізіледі. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс офицерлері Алмас Байжуминов пен Сергей Бутник мұндай оқытуды қол жетімді және түсінікті етуге тырысады. Слайдтар, фотосуреттер мен бейнероликтер арқылы олар өз тыңдаушыларына төтенше жағдай туралы және ондағы мінез-құлық ережелері туралы әр адамның білу керек нәрселері туралы айтады.
Оқу орталығында кәсіпорындар мен оқу мекемелерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласында курстан өтуді қалайтындардың барлығымен сабақ өткізіледі. Осы жылдың өзінде мұнда 200-ден астам адам оқытылды.
«Бізге оқу орталығына келіп, жанды қарым қатынас болған кезде, әрине, біз практикалық іс-қимылдарды пысықтауға баса назар аудардық. Енді, мысалы, оқитындардың жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орынға орналасқаның немесе өрт кезінде дұрыс эвакуацияланғаның тексере алмаймыз. Біз тыңдаушылармен онлайн диалог жүргіземіз, бірақ бұл ретте оларды қызықтыруға тырысамыз, мысалдарға сүйене отырып, біз белгілі бір жағдайда әрекеттердің дұрыстығын талдаймыз» - азаматтық қорғаныс аға офицері Алмас Байжуминов айтты.
Азаматтық қорғаныс бойынша оқыту өте қажет, өйткені біздің қиын уақытта көптеген адамдар төтенше жағдайлар кезінде өзін қалай ұстау керектігін білмейді және бұл көбінесе қайғылы салдарға әкеледі.
«ТЖ кезінде төтенше жағдайлардағы қарапайым мінез-құлық ережелерін білмеу арқылы дүрбелең көбінесе пайда болады. Осындай «ащы» мысалдарда біз төтенше жағдайлар кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы ғана емес, трагедияны қалай болдырмау керектігі туралы түсіндіруді қол жетімді түрде айтуға тырысымыз» - аға офицер Сергей Бутник.
Тыңдаушыларды оқытқаннан кейін олар үйреткендердің бәрі мұғалімдердің қыңырлығы емес, өмірлік қажеттілік екенін түсінеді! Ал азаматтық қорғаныс офицерлері, өз кезегінде, қол жеткізілген жетістіктермен тоқтап қалмақ емес, олар халықты оқыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлырдан қорғау тәсілдері бойынша өз әдістерін жетілдіруді жоспарлап отыр.
ШҚО ТЖД баспсөз қызметі