Курчатов қаласының ТЖБ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 2021 жылғы 10 наурызда жұмыс тобының комиссиясы құрамында өрт қауіпсіздігі және газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелері бойынша қаланың қоғамдық тамақтану объектілерінде профилактикалық рейд өткізілді. Профилактикалық рейд жүргізу барысында газ баллон жабдығын пайдаланатын кәсіпкерлік объектілеріне өткізілетін іс-шараның форматы және үгіт материалдарын тапсырумен өрт қауіпсіздік ережелерінің нормалары түсіндірілді.
Курчатов қ. ТЖБ.