Абайлаңыз! Газ!

Абайлаңыз! Газ!

Тұрмыстық газ баллондарының жарылыс жағдайларының жиілеп кетуіне, қоғамдық тамақтану объектілерінің, ел аумағындағы тұрғын үйлердің ғимараттары мен құрылыстарының қирауына, сондай-ақ оларда адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында 2021 жылғы 3-ші және 4-ші нурыздың аралығында, Шемонаиха ауданының қызметкерлері ЖАО-мен бірлесе өрт қауіпсіздігі және газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау мәселелері бойынша 5 профилактикалық рейдтік тексеру өткізді. Сондай-ақ, 2021 жылғы 7 наурызда газ баллондарын сату орындарында қауіпсіздік шаралары үгіт-насихат материалдарымен ұсыныстар бойынша профилактикалық рейдтер өткізілді. Газ баллондарын сату орындарында халықтың газ баллондарын сатып алу кезінде тапсыру мақсатында нұсқаулықтар қалдырылды.