Семей құтқарушылары фонтанға құлаған итке көмектесті

Семей құтқарушылары фонтанға құлаған итке көмектесті

Кешкі сағат 20 шамасында Семей қаласының "112" диспетчерінің пультіне алаң маңында ит фонтанға құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оны өтіп бара жатқан адамдар байқап, бірден құтқарушыларға қоңырау шалды.  Оқиға орнына келген №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жануарларды аулауға арналған ілмектің көмегімен итті шұңқырдан шығарды.. Жануарға ешқандай қауіп төнбеген соң еркіндікке босатып жіберді.

 

ШҚО ТЖД атап өткендей, жануарларға көмек көрсету өте жиі жүргізіледі. Көп жағдайда бұл иесіз жануарларға.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі