
Семей қ. ТЖБ МӨББ қызметкерлері «ӨСжАҚЖҚ» ММ №2 жасағы қызметкерлері тұрғын секторында профилактиқалық іс-шалалары жүргізілді. Профилактикалық рейд барысында жылыту пештерінің, электр сымдарының және тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану жағдайларына ерекше назар аударылды.
Осы кезеңдегі өрттердің шығу себептері – жылыту пештерін пайдаланудың қарапайым ережесін сақтамау. Профилактикалық рейд барысында жылыту пештерінің, электр сымдарының жағдайына және тұрмыста газды қауіпсіз пайдалануға баса көңіл аударылды.
Негізгі кемшіліктер – бұл ақауы бар пештер және оларды дұрыс пайдаланбау. Пештің тартымының болмауынан немесе жылыту пешінде жырықтардың бар болуы, сонымен қатар пеш алдына міндетті түрде орнатылатын қаңылтыр көп жағдайда болмауы – осы себептерден болған өрттер өрттің 80% құрайды.
Семей қ. ТЖБ қызметкерлері тұрғындарғы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігі туралы естеріне салады. Жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында инспекторлар қамсыздану төмен тұғындарға, жалғыз басты қарт адамдар мен көп балалы отбасыларға аса көңіл бөледі.
Рейдпен жеке меншік үйдер қамтылды, қызметкерлер әр отбасына өрт қауіпсіздігі бойынша насихат материалдарын ұсынды, бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берді.
Семей қ. ТЖБ