
Жылыту кезеңінің басынан бастап тұрғын үйлерді күнделікті профилактикалы қаралау кезінде құтқарушылар пешпен жылы туды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің 85495 бұзушылығына нықтады. Осы орайда қауіптіпештердіңкөпболуысонымен дәлелденеді.
"Аталған сандар және азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтауына жол берілген немқұрайлылық жылыту кезеңінің басынан бері улы газдың салдарынан 72 адам зардап шегіп, 11 адам қаза тапты", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ринат Қондыбаев.
Соңғы оқиға 2021 жылдың 09 наурызында Өскемен қаласында болған. Тұрғын қауіпті пешті қолданып, салдарынан 1951 жылы туылған әйел көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханағатүсті, оның екі немересі де жарақат алды. Белгілі болғандай, құтқарушылар бірнеше күн бұрын осы үйге барып, үй иесімен нұсқау өткізген. Алайда ол ескертулерді елемеді және бұзушылықтарды уақытында орындамады.
Жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алу үшін құтқарушылар тұрғындармен тұрақты жұмыс жүргізіп, үйлерге барып, пештерді қауіпсіз жағу туралы нұсқау береді. Ағымдағы жылдың басынан бері 82 481 қарау жүргізіліп, 149 901 түбіртек-ұсыныс тапсырылды. 11 429 әлеуметтік осал отбасында улы газ датчиктері орнатылды.
Улы газбен уланудан басқа, тұрғын үй секторында 2021 жылдың басынан бері 204 өрт тіркелді.
Пешпен жылытылатын үйлердегі өрттер көбінесе пештердің қызуы, қаламалы кірпіште жарықтардың пайда болуы, жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды жағу үшін қолданғаннан кейін, оттықтан немесе күлден ағаш еденге жанып жатқан көмірдің түсуі нәтижесінде пайда болады. Пеште тартым болмаған кезде (түтіндік бітелген, жапқыш мерзімінен бұрын жабылған, жану үшін ауа ағыны жоқ), көмір оттегі жеткіліксіз болған жағдайда жануды жалғастырады, улы газ жанбайды және жылытылатын үй-жай бойынша таралады, бұл адам ағзасына уытты әсер етеіпулануға әкеп соғады.
Ең жаманы, пештің салдарынан туындаған өрт бүкіл үйдіқиратады.
Өрт ошағының неғұрлым ықтимал орны-түтін мұржасы ағаш (жанатын) шатырдан немесе қабатаралық жабыннан және жанғыш материалдарды пайдалана отырып жасалған шатырдан өтетін орын. Сондықтан бөлу мен жылжулардың ең аз қашықтығы қандай болуы керек екенін білу маңызды. Өртке қарсы бөлшектеу (түтіндіктің ішкі бетінен жабынның жанғыш конструкцияларына дейінгі қашықтық) қорғалмаған конструкцияларға дейін кемінде 500 мм және қорғалғандарға дейін кемінде 380 мм болуы тиіс.
ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтардан сақтық шараларын сақтауды, түтіндіктерді тазалауды, пештің жапқышын жаппауды және жарықтар мен ақауларды жоюды сұрайды. Уақытында жойылған қауіп өлімнен қорғап сіздің мүлкіңізді сақтайды.
Жылыту кезеңінде пештерді тазалау кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері жарамды, жарықсыз, ал шатырларда сыланған және әктелген болуы тиіс. От жағу тұрғындар ұйқыға кеткенге дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс.
Оттықтан шығарылатын күл мен қож сумен төгіліп, ғимараттардан (құрылыстардан) кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге шығарылуы тиіс. Пешпен жылыту кезінде: ақаулы пештерді жағуға, пешті жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға, пеш жағу үшін ұзындығы оттықтың көлемінен асатын отынды пайдалануға, сондай-ақ есіктері ашық пештерді жағуға, пештерді қатты қыздыруға, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға жол берілмейді. Пештердің жанында және тікелей олардың бетінде жанатын мүлікті немесе материалдарды сақтауға, киім-кешекті кептіруге болмайды.
Дүние-мүлкін және өмірін жоғалту қорқынышты, сондықтан пешке мұқият қарау күнделікті жүзеге асырылуы тиіс.