Су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары!

Су тасқыны  кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары!

2021 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын орындау үшін Семей қ. ТЖБ қызметкерлері Мирный к. су басуы ықтимал аймақтарда орналасқан тұрғын үйлерге алдын алу тексерістерін жүргізді. Тексеру барысында түбіртектер ұсынып, түсіндірме әңгіме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға жиын өткізілді, онда тасқын су кезіндегі іс әрекеттер, сондай-ақ, жақын орналасқан эвакуациялық пункттердің орналасу орындары жеткізілді.

Семей қ. ТЖ басқармасы қала тұрғындарына су тасқыны қаупі туындаған жағдайда жүріп-тұру ережелері туралы ескертеді:

- сабырлық сақтаңыз, көршілерді ескертіңіз, мүгедектерге, балалар мен қарттарға көмек көрсетіңдер;

- газ бен электр қуатын ажыратыңыз, пештегі отты өшіріңіз;

- эвакуацияға дайын болыңыз! Эвакуация туралы белгі берілген кезде тез арада қауіпті орыннан жақын жердегі қауіпсіз аумаққа немесе биік жерге барыңыз. Эвакуациянын соңғы пунктінде   тіркелу қажет;

- көмек келгенше немесе су денгейі төмендегенше – ғимараттың жоғары қабаттарында немесе шатырда, ағашта, өзге де биік жерде болыңыз;

- егер де қауіп болмаса су басқан аумақтан өздігіңізден шықпаңыз;

- су басқан жолда машинамен және жаяу жүрмеңіз, су ағызып кетуі мүмкін;

- егер де көмек қажет болса, Сізді тез табу үшін құтқарушыларға хабар беріңіз. Құтқару сигналын  беріңіз.

 

ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ