
2021 жылғы ақпанның 10-19 аралығында жұмыс тобы кестеге сәйкес Семей өңірінің жергілікті атқару органдарының еріген қар суын өткізуге, су тасқыны кезеңінде потенциалды су басу қаупі бар орындардың, гидротехникалық құрылыстардың жағдайының дайындығына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша акт құрылды және ЖАО, ауылдық және поселкілік округтердің әкімдіктеріне, қажетті шараларды өткізу бойынша жауапты тұлғаларға егжей-тегжей ұсыныстар берілді.
Су тасқыны жағдайы қолайсыз болған жағдайда Семей қ. тұрғындарын уақытша орналастыру пунктерінің дайындығына тексеру жүргізілді.
Су тасқыны жағдайының алдын алу және қолайсыздығына жол бермеу мақсатында «Көктем-2021» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулар аясында 4-5 наурызда Семей қ. әкімшілік аумағында «2021 жылы су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-әрекеттерге басқару органдарының, АҚМЖ күштер мен құралдарының дайындығы» атты тақырыпта арнайы–тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған. Қаланың қауіпті учаскелерінен қарды шығару, арықтарды, суағарларды тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған, тұрғындарды локальді құлақтандыру жүйесі (ЛҚЖ) іске қосылады.
Төтенше жағдайды болдырмау үшін, Семей қ. ТЖБ Ертіс өз. су деңгейіне, су басу қаупі бар орындарға, арық жүйелеріне, қалалық және қала сыртындағы жолдарға тұрақты монитринг жүргізіп отырады. Көктемгі су тасқынына дайындық шаралары жалғасуда.
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖ басқармасы