
Өскеменде онлайн режимдеШығыс Қазақстан облысының әкімі даниал Ахметовтың басшылығымен кеңес өткізіліп, онда өңірдің су тсқынына дайындық мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар жиналыста Шығыс қазақстанда топырақтың қатуыжәне қар қоры бойынша қалыптасқан жағдай да талқыланды. Казгидрометтің хабарлауынша топырақтың ең көп қату деңгейі Күршімде байқалған, облыста қардың қалыңдығы 3-тен 67 см дейін жетеді.
Өткізілген талдау су тасқыны тәуекелі мыналар үшін жоғары деп анықталды: Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандары.
Құрылған жұмыс комиссиялары жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны мерзіміне дайындығын тексерді. Облыстың барлық су тасқыны қауіпті учаскелері тексерілді. Су тасқыны салдарын төмендету үшін шараларды орындау бойынша ұсыныстар беріліп, жұмыстар басталып кетті. Жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны мерзіміне жүйелі түрде дайындығы байқалады.
347 текше метр қар шығарылды, көлік және теміржолдарда, арықтар мен каналдар тазалануда.
Аудан және қалалардың әкімдіктері 87 мың дана қап, 15 мыңтонна инертті материал, 373 тонна ЖЖМ. 2412 бірлік техника дайындықта тұр.
Жергілікті бюджетте кезек күттірмейтін шығындар мен төтенше жағдайларды жоюға жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге қаражат көзделген.
24 ақпанда Бұқтырма суқоймасында сыйымдылығы 13 млрд 882 млн текше метр, Шүлбіде – 446 млн текше метр тасқын суды өткізетін реттегіш құрылған.
ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов құтқарушылардың су тасқыны маусымына дайын тұрғандығы туралы баяндады. Ол өзсөзінде былай деп атап өтті: «Су тасқыны салдарын жоюға ШҚО ТЖД-да 180 мотопомпа және жергілкті атқарушы органда 190 данасы бар. Қажет болған жағдайда су шығаратын құралдар су тасқыны болуы төмен аудандардан әкелінеді. 108 эвакуациялық пункт дайын, оған 11800 адам сияды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша, сонымен қатар басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері мен қызметтерінің іс-қимылдарға дайындық мақсатында 2021 жылғы 4-5 наурызда «көктем-2021» республикалық штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығу шеңберінде облыстың халқын орталықтан хабарландыру жүйесі телерадио хабар тарату арналарына қосылу арқылы іске қосылатын болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі