
25 ақпанда Үржар ауданында Мақаншы-Қарабұта тас жолында 4 жолаушысы бар «Тойота Виндоу» көлігі қар құрсауында қалып қойған. Көмекке 54-ӨСБ құтқарушылары келіп, көлікті қардан шығарып берді және адамдар жолын әрі қарай жалғастырды. Құтқарушылар жол үстінде «Субару Форестер» көлігінің тұрып қалғандығын көріп, оған да көмек көрсетті, онда 2 жолаушы болған.
Бұған дейін ШҚО ТЖД құтқарушылары өңірдегі қатты боран соғатыны туралы дауылдық ескерту берген болатын.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын еске салады.
Төтенше жағдай кезінде 112-ге қоңырау соғыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі